«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ БІРЛІГІІ – шығармалар арқауы

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұрнағы күні облыс орталығындағы Достық үйінде “Осы маған ұлы Отан, қасиетті жер Қазақстан” фестивалі өтті. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткізілген аталмыш шараның мақсаты – жас буынның бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеп, мемлекеттік тілге, мәдениетке, этностардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру. Осы орайда өткізілген “Тәуелсіз ел – менің мақтанышым!” шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды. Оған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені мен этнобірлестіктердің жастар клубының өкілдері қатысты. Бірінші орынға екі шығарма лайық деп танылды. Олардың авторлары – қазақ тілінде жазған СҚМУ студенті Махаббат Сәкенова мен орыс тілінде жазған “Коперник” поляк этнобірлестігі жанындағы жастар клубының мүшесі Диана Нұрсейітова. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Марапаттау салтанатынан кейін облыстық ассамблея құрамындағы этнобірлестіктердің өкілдері өз өнерлерін көрсетті.

Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp