«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Өңірде 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Осыған орай құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтіп, өңірдегі инклюзивті білім беру мәселелері қаралды.

Облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Елена Балтинаның айтуынша, қазіргі таңда аймақта ерекше балаларға арналып 6 мектеп-интернат, бір арнайы балабақша-мектеп-интернат жұмыс іс­теп тұр. Сонымен қатар 3 психология­лық-медициналық-педагогикалық кон­сультация, 15 психологиялық-педагоги­калық түзету кабинеті мен бір аутизм орталығы бар.

Алайда қаладағы жалғыз аутизм орта­лығы барлық баланы қабылдауға қауқар­сыз. Кезекте тұрғандардың саны 200-ден асып жығылады. Осыған байланысты Петропавлда тағы бір аутизм орталығын ашу көзделуде. Жоспар бойынша жаңа орталық №2 мектеп-интернат ғимара­тында орналаспақ.

Орталықтың жетекшісі Ғалия Баязи­тованың айтуынша, балаларды дамыту жұмыстары тек біліммен шектелмейді, кешенді әдістер қолданылып, тәжірибелі мамандардың қатысуы аса маңызды.

– Арнайы балалар үшін ерекше әдіс- тәсілдер қолданылады. Дефектология саласындағы тәсілдер баланы түсіну, сөйлеуін дамыту, мінез-құлқын реттеу, моторикасын жетілдіру секілді бағыт­тарды қамтиды, – дейді Ғалия Баязито­ва.

Жиын барысында инклюзивті білім беретін педагогтардың жалақысын арт­тыру мәселесі де көтерілді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp