«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ертегілер еліне саяхат

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыстық балалар мен жасөспірім­дер кітапханасы бір топ жаңа кі­тап­пен толықты. Жас оқырман­да­рымыз бұл жолы «Аруна» баспа­сынан шыққан «Тыңда, балам, ер­тегі» топтамасымен жарық көрген «Қарлығаш пен дәуіт» атты ертегі­лер жинағын алып оқи алады. Бұл кітапта «Екі қаз, бір бақа», «Ит пен мы­сық адамға қалай үйренді?», «Құмырсқаның қанағаты» сияқты қазақ халқының ертегілері топтас­тырылған.

Кішкентай балалар «Қайда? Қа­шан? Неге? Неліктен?» деген сан алуан сұрақтарға жауап іздесе, олардың назарына «Анау не? Мы­нау не?» деген танымдық кітаптар­ды ұсынамыз. Сондай-ақ, табиғат туралы сұрақтарға да жауап ала­тын қызықты кітаптар бар. Әр сұ­раққа толық жауап жазылған кі­таптар ішінде «Қызықты дерек­тер», «Біліп ал!» айдарлары беріл­ген. Бұл балалар үшін таптырмас ақпарат көзі болып табылады.
Сөздерді шапшаң айтуға үй­рен­­гісі келген оқырмандарға бала­лар ақыны Қастек Баянбайдың «100 жаңылтпаш-өлең» кітабын оқуға кеңес береміз.


Майра МАҚЫШЕВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы
облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиограф маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp