«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАЯРЛАЙМЫЗ

Сіздің балаңыз бірнеше секундтың ішінде көптаңбалы сандарды ойша қосып, ала ала ма? Жоқ. Онда балаңызды біздің халықаралық “UCMAS Kazakhstan” ойша есептеу балалар орталығының Петропавл қаласындағы Хименко көшесі, 11 мекенжайында орналасқан филиалына әкеліңіз.

UCMAS – 4 пен 12 жас аралығындағы балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға арналған, ойша есеп жүйесіне негізделген бірегей бағдарлама.  

Оны оқып-үйрену әдістемесінің негізгі бөлігі бірегей есепшотты – абакусты қолдана білумен байланысты. Оқып-үйренудің бастапқы кезеңінде бала есепшоттың тастарымен жұмыс істеп, дағдылану үшін өзінің екі қолын бірдей пайдаланып, бір мезетте миының екі бөлігінің де жұмысын ынталандырады. Алдымен балалар сандарды қосып, алып, көбейтіп, бөліп үйренеді. Кейін түбір астындағы квадратты, пайызды есептеп шығаруды меңгереді. Бағдарламаның бастапқы сатысынан өткен соң балалар ойша есептеу тәсіліне көшеді.

Жаттығудың әрбір кезеңі баланың есепшотқа үйірлігін келе-келе бәсеңдетіп, оның өзіндік елесін ынталандырады. Соның арқасында бала келешекте есепшоттың тастарын ой-санада жылжыта отырып, есептерді ойша шығаруға үйренеді. UCMAS бағдарламасы бойынша оқитын бала сандарды бейне ретінде қабылдап, математикалық есептерді шығара бастайды, өйткені, әрбір нақты сан ол үшін абакус тастарымен байланысты ассоциация туғызады.

Бастысы, UCMAS бағдарламасы балалардың назарын шоғырландыру, фотографиялық есте сақтау, нақтылық және жылдамдылық, өз-өзіне сенімділік, шығармашылық ойлау, есту және байқампаздық, оқудағы жетістіктер, қиял мен елес қабілеттерін дамытады. UCMAS бағдарламасымен жұмыс істей отырып, балалар зияткерлік қабілеттерін дамытады және болашақта академиялық табыстылық пен шығармашыл тұлға болып қалыптасуларына берік негіз қалайды. Зияткерлік қабілеттері дамыған азаматтар ел экономикасының тұрақты дамуының көшбасшысы болады.

“UCMAS Kazakhstan” ойша есептеу балалар орталығының Петропавл қаласындағы филиалында бүгінде 100-ден астам бала қазақ және орыс тілдерінде білім алуда. Ата-аналарының айтуынша, балалардың мектептегі сабақ үлгерімдері жақсарып, өздеріне сенімдері артқан, үй тапсырмасын орындауға уақытты аз жұмсайтын болған. Өз балаңыздың дарынын ашқыңыз келсе, ойша есептеу орталығына асығыңыз!

Азат СЕЙІТОВ,

халықаралық “UCMAS Kazakhstan” балалар орталығының Петропавл

қаласындағы филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp