Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, 2015 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды.
Өткен жылы аталмыш қоғамдық кеңес 7 отырыс өткізіп, көтерілген мәселелерге байланысты мемлекеттік органдарға бірталай ұсыныстар жасаған екен. Алайда, аталмыш ұсыныстарды орындауда кейбір мемлекеттік органдар салғырттық танытып, тіпті, ескермеген. Бұл орайда Петропавл қаласы мен бірқатар аудандардың аттарына сын айтылды. Мәселен, Петропавл қаласы әкімдігіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспаналарды бөлуде заңсыздықтарды, адами факторды жою үшін жергілікті деңгейде аталмыш үдерісті компьютерлендіру механизмін әзірлеуді және аталмыш бастаманы қалалық мәслихаттың отырысында қарауды ұсынған. Алайда, бұл ұсыныс ескерусіз қалып, қалалық әкімдік тарапынан ешқандай жауап болмаған. Осы орайда қоғамдық кеңестің мүшелері өзара ақылдаса келе, аталмыш мәселені алдағы уақытта қайта көтеруге уағдаласты.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.