«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тәжікстан Республикасының 52 жастағы азаматын ұстады. Ол жалдаған такси көлігінің жүксалғышынан гашиш салынған екі спорттық сөмке табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 39 килограмнан асады. Бұл – жыл басынан бергі облыс аумағында тәркіленген ең ірі көлемдегі әсері күшті есірткі. Шетел азаматы тыйым салынған затты Ресей Федерациясына өткізбекші болған. Есірткі тасымалдаушы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.  

Жыл басынан бері облысымызда заңсыз айналымнан 318 килограмнан астам түрлі есірткі заттары алынды.

Сейілхан ЖҰМАҒҰЛОВ,

облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp