Облыстық ардагерлер кеңесінде өңіріміздің құрылғанына 80 жыл толуына орай жоспарлы шара ұйымдастырылды. Жиынды өткізген ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына тұспа-тұс келген осынау үлкен мерекенің мәні мен маңыздылығына тоқталып өтті.
– Өткен жылдар аралығында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көптеген жетістіктер туралы мақтанышпен айтуға болады. Ол барлық солтүстікқазақстандықтардың еңбегі, соның ішінде ардагерлердің де қосқан үлесі зор, – деді Ескендір Есмақұлы.
Сексен жылдың ішіндегі облысымыздың өсіп-өркендеуі тілге тиек етілген мерекелік жиын барысында өңір басшысы Ерік Сұлтановтың өкімімен ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен Ғалымбек Ғайсин, Иван Кендюх, Анатолий Корабельников, Сұраған Көпеев, Клавдия Ларченко, Серік Тәшенов, Әдия Ахметова марапатталды. Сонымен қатар, Жолдыбай Ахметов, Роза Ибрагимова және Марина Рыбаченкоға облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Салтанатты шара соңында жиналған қауым марапат иелеріне шын жүректен шыққан ақ тілектерін жеткізіп, естелік суретке түсті.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.