«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.11.2016

ЖАҚЫНЫҢДЫ ЖОҒАЛТПА

Бүгінгі таңда облысымыз бойынша із-түзсіз жоғалып кеткен 11 адам іздестірілуде. Жыл басынан бері облыстық ішкі істер органдарына туыстары мен жақындарын жоғалтқан 105 солтүстікқазақстандық хабарласқан. Бүгінгі таңда 107 адамның орналасқан жері анықталса, олардың он үшіне өткен жылдары іздеу салынған болатын. Облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Василий Скляр жоғалған азаматтардың дені ішімдікке әуес, …

ЖАҚЫНЫҢДЫ ЖОҒАЛТПА Read More »

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ ЗАР ИЛЕТЕДІ

Қараша айының басынан “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Оның барысында облыс полицейлері табиғатты қорғау заңнамасының 192 рет бұзылғанын анықтады. Анықталған бұзушылықтардың дені – заңсыз аңшылық. Сондай-ақ, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескендер де бар. 24 солтүстікқазақстандық – балық аулағаны және балық аулау ережелерін, 15 адам азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау …

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ ЗАР ИЛЕТЕДІ Read More »

Екінші ғимарат ашылды

Кеше облыс орталығындағы сот-сараптама институтының екінші ғимараты ашылды. 1997 жылы құрылған институттың бірінші ғимаратының тарлығынан қызметкерлер бүгінге дейін қолайсыз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған еді.

Мәскеуден жеңіспен оралды

Облыс орталығындағы №1 өнер мектебінің бес оқушысы Мәскеуде өткен халықаралық “Рябиновые бусы” байқауынан жүлдемен оралды. Олардың өздері ән айтып, би билеуден сайысқа түскен жас өнерпаздардың конкурсы тартысты өткенін айтады.

“ӨЛЕҢДЕРІМЕ ҚОЛ СОҒЫҢДАР, ӨРНЕГІМДЕГІ ҚАЙЫҢДАР!”

  Табиғаты таңғажайып қасиетті Қызылжар өңірінен сайдың тасындай небір сайыпқырандар, тілі құнарлы, қаламы қарымды жазушылар, өмірді өлеңмен өрнектеген ақындар, тарлан таланттар шыққан ғой. Дарабоз дарындардың саналы ой, зиялы сөзбен өрілген шоқтығы биік шығармалары өңіріміздің мәдени өмірінің өрістеуіне ғана емес, қазақ әдебиетінің арнасының кеңіп, дамуына, халқымыздың рухани өсуіне сүбелі үлес қосты.

ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ СЫЙЛЫ ЖАН

Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында жаңадан пайдалануға берілген фельдшерлік-акушерлік пункттің аға дәрігері Нұржан Партизан – жерлестері арасында сыйлы жан.

Өзара келісіммен шешілді

Әлемдік тәжірибеде экономиканың серпінді дамуына шағын және орта бизнестің сүбелі үлес қосатыны әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай туғызу экономикалық ілгерілеудің кепілі болып табылады. Біздің елімізде де кәсіпкерлікті қолдауға басымдық берілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеге өзінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңыз беріп, құзырлы орындарға кәсіпкерліктің тынысын тарылтатын кедергілерді жоюды ұдайы тапсырып келеді.

ТОП ЖАРДЫ

Мамлют қазақ мектеп-интернатында балаларды спортқа бау­лып, саламатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру мақсатында әртүрлі спорттық-мәдени шараларды өткізу игі дәстүрге айналған. Мектебіміздің оқушылары түрлі деңгейде ұйымдастырылған додаларға үлкен дайындықпен қатысады. Олардың ұстаздардың үмітін ақтап, мектеп мерейін асырып жүрген жетістіктері де аз емес.

Құтқарушылар көмекке әрқашан дайын

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыстық Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған кезекті брифингте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев құтқарушылардың қызметіне қатысты бірқатар деректерді алға тартты. Жыл он екі бойы жұрттың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін көз ілмейтін құтқарушылардың жұмысын жеңіл деп ешкім айта алмайды.

ӨМІРІН МЕКТЕПКЕ АРНАҒАН

Ұстаз – шәкірттеріне шуағын төккен ақылдың тозбайтын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Дәл сондай қасиеттерге лайықты Бақытжан Пішенбаева Уәлиханов ауданындағы Көбенсай орта мектебінің түлегі және 40 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып …

ӨМІРІН МЕКТЕПКЕ АРНАҒАН Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлын оқырмандарымызға таныстырып жатудың өзі артық. Белгілі журналист Қойшекеңнің түрік халықтарының көне тарихын зерттеумен айналысып келе жатқанына да отыз жылдай болып қалыпты. Осы уақыт ішінде ол өзін білікті тарихшы, этнограф-ғалым ретінде танытып, ғылыми айналымға “Ұлы қағанат”, Қытай дереккөздеріндегі түрік тарихы туралы материалдардың 10 томдығын, т.б. …

ҚАЗАҚТЫҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР Read More »

КҮШТЕРІН БІРІКТІРУІ ТИІС

Өткен тоғыз айда өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 60400 арыз бен хабарлама тіркелген. Ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде олар бұдан көп болған еді. Облысымызда кісі өлтіру – 7,7 пайыз, зорлау – 48, алаяқтық – 26, бопсалау – 58,6, бұзақылық – 54,6, қарақшылық 9 пайызға төмендегені анықталды. Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны 7,4 пайызға азайған. Мәселен, …

КҮШТЕРІН БІРІКТІРУІ ТИІС Read More »

ЖҮЙЕ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға ерекше мән беріледі. Өйткені, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – елімізді дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштеріне сай болуға тиіс.

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ”

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы республика бойынша “Ашық есік күнін” өткізуде. Оған барлық облыстардағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары атсалысуда. Солтүстікқазақстандық филиалда аталмыш шара қордың басқарма төрағасы Қаныш Тілеушиннің қатысуымен өтті.

ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН ЖОҒАРЫ БАҒА

Облыстық ардагерлер кеңесінде өңіріміздің құрылғанына 80 жыл толуына орай жоспарлы шара ұйымдастырылды. Жиынды өткізген ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына тұспа-тұс келген осынау үлкен мерекенің мәні мен маңыздылығына тоқталып өтті.

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ ЖАҢА КЕШЕН

Шағын және орта бизнес субъектілерінің көптеп ашылуы – мемлекеттік қолдаудың жемісі. Жуырда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Разгульное ауылында астық сақтау кешені мен дәнді дақылдардың элиталық тұқымын қабылдау, бастапқы тазалау, сақтау, кептіру және жөнелту желісі пайдалануға берілді.

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ЖЕҢЕДІ

Бүгінгі қоғамды толғандыратын мәселелердің өзектісі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сол себепті, бұқаралық ақпарат құралдары мұндай фактілерді елеусіз қалдырмайды.

Кезегін күткен бүлдіршін

Жыл басынан бері өңіріміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 68 қылмысты тіркесе, оның 93 пайызы “бармақ басты, көз қыстылыққа” қатысты екен. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келген шығын 155,6 млн. теңгені құраса, бүгінде оның тек 4,3 млн. теңгесі ғана қайтарылған. Құны 1 млрд. 177 млн. теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

ТАБЫС ТОЛЫМДЫ, МЕЖЕ БИІК

  Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатқа сала ардагерлері, еңбек озаттары, озық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС НӘТИЖЕЛІ

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастаған ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі өңірдегі криминогендік жағдайдың жақсаруына оң әсер еткен.