«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК АДАМЫНА — ЕРЕКШЕ КӨЗҚАРАС

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоға­мы” идеясы айрықша әлеу­меттік жаңғыртуға жол ашты. Ол еңбек адамдарының мүдделе­ріне жа­уап беретін көп қырлы, әмбебап жоба болып саналады.

Берілген тапсырманы орын­дауда біз “Қазақстан Республи­касы кәсіподақтар федера­циясын жаңғыртудың жол карта­сы” бағ­дар­ламасына сүйендік. Әлеумет­тік жаңғырудың қазақ­стандық үлгі­сінің негізгі мақсаты – әлеуметік қорғаудан әлеумет­тік өрлеуге ауысуды жүзеге асыру. Ауысудың негізіне аза­мат­тардың белсен­ділігі мен жеке жауапкершілігін арттыру, олардың шығармашы­лық әле­уе­тін ашу, өзінің құқығы мен бостандығын белсенді қор­ғау­ға деген ынтасын арттыру, әлеу­­меттік мемлекеттердің үздік халықаралық тәжірибесіне сәй­кес барлық деңгейдегі мемле­кет­тік басқарудың қабылдаған ше­шім­деріне қатысу міндеті жатыр. Осы орайда өткен жолы­мыздың ең маңызды тұстарына тоқталғым келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы бұ­қа­ралық қоғамдық ұйым және ең ауқымды кәсіподақтық бір­лестік деген мәртебемізді сақ­тап, 2 миллионнан астам адамның, 38 мүшелік және 18 мың бастауыш кәсіподақ ұйы­мының басын бі­ріктірдік. Сол­түс­тік Қазақстан облысында 60 мың адамның басын қосқан мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.
Жұмысымыздың маңызды ба­ғыт­тарының бірі әлеуметтік әріп­тес­тікті жетілдіру болатын. Бұл сө­зі­мізге Қазақстан Республи­ка­сы Үкіметінің, Қазақстан Респуб­ли­касы кәсіподақтар федера­ция­­сы­­ның, “Атамекен” Ұлттық кә­сіпкер­лер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған бас келі­сім, 21 салалық және 16 өңірлік ке­лісім дәлел бола ала­ды. Солтүстік Қазақстан облы­сын­да 2018-2020 жылдарға ар­нал­ған облыстық, қалалық және 13 аудандық әлеу­меттік әріптес­тік жөніндегі келісім жүзеге асы­рылуда. Сондай-ақ, облыс­тық алты салалық келісім жасалған.
Біз билік – жұмыс беруші – кә­сіп­одақ үлгісін жандандырып, бар­лық деңгейде үш жақты комиссия­ның мүмкіндігін іске қостық. Үш жақ­ты комиссияның арқасында өңірлерде азамат­тардың еңбек құқығының шек­тел­меуі үшін бар­лық жағдайдың жасалуына, бұл мә­селеге ұдайы назар аудары­луына және еңбек адамының құ­қығы бұзылса, дереу тиісті шешім қабылдан­уына қол жеткіздік.
Жыл басынан бері өңірде үш жақты комиссияның төрт облыс­тық және 29 аудандық отырысы өтіп, 61 жұмыс берушінің қатысуы­мен еңбекақы бойынша қарыз, ең­бек қауіпсіздігі мен қорғау, жұмыс­шыларды қысқар­ту, еңбекақыны көтеру мәселесі талқыланды. Оты­рыстарда ең­бекақы бойынша қа­рызы бар және адам өліміне не­месе ауыр жарақатқа әкелген өн­дірістік оқыс оқиғалар орын алған кәсіп­орын басшыларының баян­да­малары тыңдалады.
Ел Үкіметіне, министрліктер мен әкімдіктерге еңбек ұжым­дарын толғандырып отырған мә­селелерді ашық талқылауға ын­та білдіріп, түйінді тұстардың тарқа­тылуына септесіп, екі жаққа да қо­лайлы шешімдерді тапқаны үшін ризашылығымыз­ды білдіреміз.
Бізбен жұмыс істеуге ынта та­ны­тып жатса, өз тарапы­мыздан кә­сіподақтың мыңдаған мү­шесінің мүддесін қорғау мақ­сатын бірле­сіп, жүзеге асыруға әзірміз.
Өткен жылы еліміздің кәсіп­орындары мен ұйымдарында кә­сіп­одақтың белсенді жұмысының нәтижесінде жасалған ұжым­дық шарт көлемі 2017 жылмен са­лыстырғанда 16,1 пайызға артты. Бастауыш кәсіподақ ұйым­дары жасаған ұжымдық шарттың үлесі 98 пайызды құра­ды. Үстіміздегі жылдың 1 қыр­күйе­гіндегі мәлімет­ке сүйенсек, Қызылжар өңірінде 4795 ұжым­дық шарт жасалды. Бұл жұмыс істеп жатқан кәсіп­орын­дардың 85,5 пайызын құрай­ды. Ал кәсіподақ құрылған ұйым­дарда ұжымдық шарт 100 пайыз жасалды.
Келісімдер мен ұжымдық шарт­тарда алдымен еңбек ұжы­мының тұрақтылығын қамтама­сыз ететін, жұмысшылардың ма­териалдық жағдайын көтеретін ереже мен мін­деттер басымдық­қа ие. Кәсіподақ ұйымдары бел­сенді жұмыс іс­тейтін, еңбек ұжы­мы мен жұмыс бе­руші арасында жүйелі байла­ныс орнағанда ғана еңбекақыны көтеру, еңбек ету мен демалыс жағдайын жақсарту мәселелері оң шешімін табуда. Осы орайда облыстағы “Мол­сер­вис”, “Ақсе­леу”, “Новомихай­ловское-2003″, “Азия-Тораңғұл”, “Шағала-Агро” ЖШС-лерде, “СевКазЭнерго”, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-да, “Қаз­пошта” АҚ СҚОФ-да, “Мәм­бетов және К” коммандиттік серіктес­ті­гінде әлеуметтік мәсе­ле­лерді ше­шудің үлгісі бола ала­тын ұжымдық шарттар жасалды.
Әрине, еңбек қатынасындағы мәселелерді ретке келтіру оңай шаруа емес, Сол себепті кәсіп­одақтар еңбек дауларын жан­жал­сыз шешу жүйесін қалып­тастыру мақсатында медиация және бей­біт келісім арқылы жүзеге асыруға талпынуда. Осы орайда өткен жылы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар фе­де­рациясы, Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және “Атаме­кен” Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы арасында бір­лес­кен жұмыс жос­пары бекітілді. Кәсіподақтар фе­де­рациясының ұсыныстарын ескере отыра, Қазақстан Рес­публикасы Үкіме­тінің 2019 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен әлеу­меттік шиеле­ністің алдын алу және әлеумет­тік-еңбек дауларын шешу жөнін­дегі кешенді жоспар бекітілді. Ең­бек шиеленісі болуы мүмкін ошақ­тарда күнделікті монито­ринг жүргізіледі. Билік органда­рының назарын тиісті шаралар­ды қабылдауды қажет ететін шие­леніс ошағына, күрделі жағ­дай қалыптасқан кәсіпорын­дар­ға аударамыз. Осындай өзара қарым-қатынастың арқасында Қос­танай облысындағы Тобыл жол стансасындағы, Маңғыстау об­лысындағы “OilServices­Com­pany” компаниясындағы, “Мұнай­филд-сервис” ЖШС-дегі, Ақтөбе облысындағы “СНПС-Ақтөбе­мұ­найгаз” АҚ-дағы еңбек дауын ушықтырмай, бірден ше­шуге мүмкіндік туды.
Солтүстік Қазақстан облыс­тық соты мен кәсіподақ орталы­ғының арасындағы өзара ынты­мақтас­тық меморандумын жүзе­ге асыру аясында өткен жылдың қыркүйек айынан бері татуласу орталығы жұ­мыс істейді. Үсті­міздегі жылы ең­бек дауын реттеу мақсатында 18 келіссөз өткізіліп, тараптар өз­ара келісімге келді. Жоспарға сәй­кес “дөңгелек үс­тел”, семинар, ең­бек ұжымда­рын­да кездесу және тағы да бас­қа жиырма шара ұйым­дас­ты­рыл­ды.
Құжаттарды толтыру кезінде құқықтық кеңес алу, түсіндіру, тә­жі­рибелік көмек көрсету жұ­мыстары жалғасуда. Солтүстік Қа­зақстан облысындағы кәсіподақ ор­талығына қыркүйек айы­ның ба­сына дейін 500-ден астам өті­ніш тү­сіп, оның сексеннен астамы ба­қылауда болып, оң ше­шімін тап­ты.
Жұмысшылардың құқығын қор­ғаудағы ең маңызды құрал еңбек қатынасын заңдастыру болып табылады. Өкінішке қа­рай, кейбір жұмыс берушілер ең­бекақыны төлеуге кететін шы­ғын­ды азайту үшін заңсыз істер­ден арылмай келеді. Мұндай заң­бұзушылықтар шағын кә­сіпкер­лік саласында жиі кездескен­діктен “Ынтымақ” сала­лық кәсіп­ода­ғы белсенді жұмыс іс­теуде. Себебі, кәсіподақ бар жерде заңсыз істерге жол беріл­мей­ді. Әрі бұл мақсатқа жетуде әлеу­меттік әріптестермен өткен жыл­дың наурыз айынан бастал­ған “Еңбек шартын жаса!” респуб­ли­­ка­лық акциясының өтуі де сеп­тесуде. Акция барысында еліміз бойынша 12 мыңнан астам жұ­мыс беруші еңбек шартын жасау арқы­лы 40 мың жұмысшымен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл олардың заңды түрде еңбек етіп, әлеуметтік жағынан қор­ғалуына жағдай жасады.
Кәсіподақтар жергілікті атқа­рушы органдардың қолдауымен жұмыс орындарын сақтауға бағытталған ша­ра­ларға басымдық беруде. Қазіргі таңда еліміз бойынша 2 млн. 292 мың жұмыс орнын сақтау үшін 126 мың меморандумға қол қойылды. Солтүстік Қазақстан облысында өндірістік үдерісті тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқығын қамтамасыз ету, жұмыстан боса­ған­дарды әлеу­мет­тік қорғау және еңбекпен қам­ту мәселелері бо­йын­ша 5478 меморандумға қол қойылған.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәсе­ле­нің бірі – лайықты еңбекақы төлеу. Солтүстік Қазақстан облы­сында­ғы кәсіподақ орталығының эконо­ми­каның нақты секто­рындағы кә­сіпорын жұмыс­шы­ларының ең­бек­ақысын көтеру жөніндегі бас­тамасын облыс әкімі Құмар Ақ­са­қалов қолдап, кәсіподақтардың қа­ты­суымен салалық келісімдерге өзгерістер енгізілуде, ұжымдық шартты және қосымша келісім­дер­ді жа­сау бойынша жұмыстар жалға­суда. Облыс әкімі салалық кә­сіп­одаққа ірі ауыл шаруаш­ылы­ғы құрылымдарында кәсіподақ құру, ұжымдық шарт жасау және еңбекақыны көтеру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тап­сырды. Осындай жұмыстарды әлеуметтік әріптестер облыстың жол-көлік және құрылыс кәсіп­орындарында да жүргізуде.
Қазақстан Республикасы кәсіп­одақ­тар федерациясының ма­ңызды бағыттарының бірі – жұ­мыс­шылардың жұмыс орнын­дағы қауіпсіз еңбек жағдайын және ден­саулығын сақтауға қатысты мүд­де­сін қорғау. Елі­міздің Еңбек туралы кодексінің 203 бабында көрсетілгендей өндірістік кеңес жұмысшылар­дың еңбекті қорғау жүйесін бас­қа­руға қатысады. Елі­міздің кә­сіп­орындарында 14792 өндіріс­тік кеңес құрылды. Ал Қызылжар өңірінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне 756 өн­дірістік кеңестің 912 техникалық инспекторы қоғамдық бақылау жүргізеді. Үстіміздегі жылдың өт­кен сегіз айында техникалық инс­пекторлар 1960 тексеріс жүр­гізіп, еңбек қауіпсіздігі бойынша 4485 құқық бұзушылықты анық­тады. Құқық бұушылықтардың 4469-ы жойылды.
Үстіміздегі жыл “Жастар жы­лы” деп жарияланғаны барша­мыз­ға мәлім. Осының нәтиже­сінде кә­сіподақ мүшелерінің 32 пайызын құрайтын жастарға қа­тысты жұ­мыс жанданды. Бүгін­гі таңда кә­сіп­одақтар жастар ке­ңесінің көш­басшылары “Келе­шек” респуб­ли­калық жастар ке­ңесі ұйымына бірікті. Кәсіп­одақтар федерация­сы­ның жас белсенділері Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облы­сында түрлі салада еңбек етіп жүрген жастардың басын қосқан форумдар өткізді.
Бүгінгі таңда кәсіподақтар фе­дерациясының жұмысын жаң­ғырту жолында түрлі әдіс-тә­­сіл­­дерді пайдалана отыра көп жұмыс атқарылды. Бір сөзбен айтқанда, “Қазақстан Рес­пуб­ликасы кәсіп­одақтар федера­циясын жаңғырту жол картасы” бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар орын­да­лды. Бұл – бірлескен жұмыстың нәтижесі.

Гүлнәр ЖҰМАГЕЛДИЕВА,
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp