Өңірде айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерге жаза күшейтілді. Енді қарызын төлеуге асықпағандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынады. Облыста айыппұлды уақытында төлемегендердің тізімінде 9 мың адам бар. Олардың қарызының жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Жуырда үш тәулікке қамауға алынған 53 жасар қала тұрғынының қарызы 400 мың теңгеден асып кетіпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp