Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасындағы жарақат бөлімшесіне 800-ге жуық бала түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, жаз айларында балалардың жарақат алу оқиғалары жиі кездеседі. Мұның барлығы олардың салғырттығының салдарынан орын алады.
– Өскелең буын өкілдері, көбінесе, омыртқа, сан жілік жарақаттары, мидың зақымдануы, күйіп қалу және басқа да келеңсіз жайттарға тап болуда. Күйік шалып ауруханаға түскен 120 бала қажетті ем-дом алып жатыр. Олардың 70 пайызына теріні қайтадан орналастыру жүргізіледі, – деді облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жарақаттарды емдеумен айналысатын дәрігері, ортопед Асылхан Жағыпаров.
Қазіргі кезде емдеу орнындағы жатын бөлмелерде бірде-бір бос орын жоқ.
Сурет https://31brest.schools.by/ сайтынан алынды.