Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы өңіріміздегі жастар ұйымдарымен кездесу өткізді. Оның барысында мемлекеттік мекеме және бірлестіктер жастар қозғалысын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.
Департамент басшысы Ернар Баянғазиннің айтуынша, біздің облыстан сыбайлас жемқорлық оқиғалары тіркелмеген өңірді қалыптастыру үшін әлі де қыруар жұмыс атқару қажет. Ал жастар ұйымдарының өкілдері қоғамдағы осы көкейкесті мәселенің алдын алуға сүбелі үлестерін қоса алады.
Шара соңында жастар ұйымдарының өкілдері департаменттің басшылығына өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 64 жастар ұйымы бар. Олардың 15-сі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа белсене қатысатынын айта кету қажет.
https://www.inform.kz,
сурет https://www.inform.kz, сайтынан алынды.