«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ҚОЛДАУЫ

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” шарасын жастар да қызу қолдауда. 25 жұлдызды күн акциясы аясында орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері” тақырыбында брейн-ринг ойыны ұйымдастырылып, жастар егемен ел нышандары туралы білімдерін көрсетті. Облыс мектептерінде ашық сабақтар өткізілді.

“Тарих біздің өткеніміздің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі”, – деген жастар бастамалары орталығы ақпараттық бөлімінің меңгерушісі Роксана Орынбаева 25 жұлдызды күн акциясы аясында студенттер арасында түрлі танымдық шаралар өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Петропавлдағы қызмет көрсету саласы колледжінде ұйымдастырылған шара рәміздерге қатысты болды. Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне байланысты қойылған 15 сұраққа дұрыс жауап берген студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp