Әр күнін тиімді өткізуге тырысатын бүгінгі буынның қалауын игі жұмысқа бағыттау “Жасыл ел” бағдарламасының арқасында мүмкін болғандай. Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері “жасыл елдік” атанған студент көп. Үстіміздегі жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржы екі есеге көбейсе, жұмыс істеуге құлшынған жастардың да саны артқан. Биыл өңіріміз бойынша 665 студент “Жасыл ел” сарбазы атанып, дені орман шаруашылықтарында еңбектенуде.
“Жасыл ел” республикалық штабының өңіріміздегі филиалының менеджері Гоара Абраамянның айтуынша, аудандардағы орман шаруашылықтарында жұмыс істеп жүрген жастарға – 55 мың теңге, ауылдар мен облыс орталығын аббаттандыруға атсалысқандарға 28 мың теңге еңбекақы төленеді екен.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.