Республикалық “Жас ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары жүзге жуық солтүстікқазақстандықпен толықты.
Айта кеткен жөн, бұл ұйымға өткен бес жылда он мыңнан астам оқушы қабылданған. Сонымен қатар, Үздік ұлан” қалалық байқауының қорытындысы шығарылып, Петропавлдағы №23-ші мектептің ұжымы жеңімпаз атанды.