1 қыркүйек күні кешкі сағат 20.00-де Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы – Новоишимка ауылында екі жасөспірім скутермен келе жатып, жол-көлік оқиғасына тап болды.
2003 жылы дүниеге келген өрен басты жолда келе жатқан автокөлікке жол бермей, соқтығысты. Балаларда арнайы қорғау шлемдері болмаған.
– Скутердің жүргізушісі мен оның жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Алған жарақаттардың салдарынан темір тұлпарды тізгіндеген 10-шы сынып оқушысы көз жұмды. Ал оның жолаушысының жағдайы ауыр. Қылмыстық істің бұл материалы сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.