Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің жанынан “Жас тілші” медиа-мектебі ашылды. Ұйым оқушылардың арасынан жас тілшілерді тәрбиелеп, болашақта журналистика мамандығын меңгергісі келетін балаларға медиа саласының әліпбиін қазірден бастап үйретуді көздейді. Бүгінде медиа-мектепте онға жуық жас тілші бар. Олар “БілімNEWS” атты мектепішілік газет шығарып, теле және радиобағдарламалар жасаумен айналысуда. Ұйымның жетекшілері – жас ақындар Жарқын Жұпархан мен Фархат Тастамбек.
Айта кету керек, аудандық білім бөлімі бұл бастамаға тікелей қолдау білдіріп отыр. Нәтижесінде “БілімNEWS” газетінің тілшісі Диана Есім мен Мерей Молдахметке Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабековтен сұхбат алудың сәті түсті. Аудан әкімі ынталы оқушыларды жылы қарсы алып, мектептегі өмірі, сүйікті пәндері жайлы қойылған сауалдарға жауап берді. Болат Серікұлы жас тілшілерге сәттілік, тұсауы енді кесілген мектепішілік газетке ақ жол тіледі.
Сымбат ЗЕЙКЕНОВА,
“Парасат” мектеп-лицейінің
11-сынып оқушысы,
“Жас тілші” медиа-мектебінің мүшесі.
Қызылжар ауданы.