«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңаша бағалау

Облыс мұғалімдері формативті бағалау тәсілдерін үйрену мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосты. Бұл әдісті бұрыннан қолданып келе жатқан педагогтер балаларды жаңаша мазмұнда оқыта бастаған мұғалімдермен тәжірибе бөлісті.

Формативті бағалау жаңаша мазмұнда оқытудың негізі болып табылады. Онда оқушы білімі бұрынғыдай “4” немесе “5” деген бағалармен өлшенбейді. Енді оқушы жетістігі ауызша немесе жазбаша түрде бағаланбақ.

Жаңаша бағалау жүйесі мұғалімдерге оқушылардың өзіндік дамуын қадағалауға және келешек қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс, алдымен білім берудің жаңа стандартымен оқи бастаған бастауыш сыныптарға енгізілмек. Ол оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, оқушыларды жетістікке жетелейді, білімін одан әрі жетілдіруге, дамытуға, ізденуге ықпал етеді деп күтілуде.

Оқыту семинарында ұстаздар теориялық білім алып, кейін бағалаудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде үйренді.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp