«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МАУСЫМҒА – ЖАҚСЫ ТАРТУ

Облыстық филармония өзінің 51-ші маусымының шымылдығын ашты. Өнер кешіне жиналған жұртшылық құлақтан кіріп, бойды алған ән-күймен бір жасап қалды. Қайсыбірін бөле-жара айтарсың, әндер шырқалды, күйлер шертілді, билер биленді. Филармония өзінің өңіріміздегі белгілі өнер шаңырағы екенін осылайша айғақтады.

Аспаптардың ішінде домбыраның үні, скрипканың сазы бойға дарыды. Ұлттық өнерімізбен қатар, орыс, Батыс сазгерлерінің шығармалары ұсынылды. Ересектерге ілесіп балалар да тарту жасады.

Жеке орындаушылардың ішінен Ғалымжан Нүрпейісов, Еркебұлан Қарыпов, Дамир Есболов, Марат Ғайнуллин, Мұхит Ахметов, Бақыт Ілиясов, Елена Штогрина және өзгелер тыңдаушылардың қошеметіне бөленді. Хор бірнеше әнді шырқады.

Амангелді БЕКМҰРАТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp