«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

Ақжар ауданында ағаш тілу цехы жұмысын бастады. Кәсіпкер Дәмелі Қалиева кәсіпкерлерді қолдау орталығына келіп, кеңес алған соң, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалына өтініш беріп, 3 млн. теңге несие алады. Ол құрылысы аяқталмай тұрған ғимаратқа қажетті құрал-жабдықтарын кіргізіп, алғашқы өнімдерін шығарып үлгерген. Тақтайлар, қоршаулар мен едендер аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие. Кәсіпкер алдағы уақытта “Ырыс” бағдарламасы арқылы ірі қара мал өсірумен айналысуды да жоспарлап отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp