«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.01.2017

УНИВЕРСИАДА АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы жағылды. Универсиада алауын салтанатты жағу құрметіне облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев ие болды. Қаланың орталық көшелерімен барлығы 60 адам алауды ұстап жүгіріп өтті. Алау эстафетасы Спорт сарайында тамамдалды.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА

Облыстық статистика департаментінің үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы мәліметінше, облыста 10016 заңды тұлға тіркелген. Олардың 99,3 пайызы шағын және 0,7 пайызы орта деңгейлі кәсіпорындар. 19 кәсіпорын мемлекеттік, 977-і жеке меншік және 39-ы шетел меншігіне жатады. Тіркелгендер ауыл, орман, балық шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу, өнеркәсіп, құрылыс саласында қызмет көрсетеді. Тіркелген заңды тұлғалардың басым бөлігі …

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА Read More »

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Полиция қызметкерлері жедел шаралар барысында 40 жастағы қала тұрғынын 1 килограмм есірткі сатып жатқан кезінде ұстады. Үйін тінту барысында тағы да 3 килограмм есірткі табылды. Есірткіні сақтағаны және сатқаны үшін 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері 26 жағдай тіркелген.

ШАПАҒАТ ШЫРАҚШЫСЫ

  Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдардан бастап ұлттық құндылықтарымызбен біте қайнасқан асыл дініміз де кең қанат жайып келеді. Соның бір көрінісі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні – Мәуліт мерекесі біздің өңірімізде де ерекше атап өтілді.

ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ УАҚЫТ ҮНЕМДЕЙДІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ғимаратында Петропавл қалалық мәслихатының депутаттары мен көші-қон, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері бүгінгі күннің өзекті мәселесі – уақытша тіркеу жайын талқылады.

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

Ақжар ауданында ағаш тілу цехы жұмысын бастады. Кәсіпкер Дәмелі Қалиева кәсіпкерлерді қолдау орталығына келіп, кеңес алған соң, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалына өтініш беріп, 3 млн. теңге несие алады. Ол құрылысы аяқталмай тұрған ғимаратқа қажетті құрал-жабдықтарын кіргізіп, алғашқы өнімдерін шығарып үлгерген. Тақтайлар, қоршаулар мен едендер аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие. Кәсіпкер алдағы уақытта …

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ Read More »

БІРЕГЕЙ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында мал шаруашылығы кешенінің жаңа бөлімшелеріне барды. Мұнда беларустік «Инвет» компаниясының жабдықтары орнатылған. Кешенде 600-ге жуық ірі қара ббағып күтілуде.

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

  Облыс әкімі Ерік Сұлтанов кеше қаладағы бірнеше әлеуметтік-тұрмыстық нысанды аралап, олардың жұмысымен танысты. Өңір басшысы ең алдымен халыққа қызмет көрсету орталығында болып, уақытша тіркеу жұмыстарының жайымен танысты. Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарынан “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” Заңы күшіне еніп, оған сәйкес азаматтардың …

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ Read More »