«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫМЕН ҚУАНТТЫ

Облыстық қуыршақ театры отызыншы маусымының ашылуына орай тұңғыш рет қазақ тілінде “Сақ болыңдар, бауырсақтар” атты ертегісін сахналады. 

Қойылымды алғашқылардың бірі болып “Алтын бесік”, “Салтанат” балабақшаларының тəрбиеленушілері тамашалады. Аталмыш спектакль орыстың белгілі “Колобок” ертегісі желісінде жазылған. Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Мейрам Сексенбаев туындыны қазақ тіліне аударып, Ресей режиссері Андрей Мелентьевпен бірлесіп əзірлеген. Атасы мен əжесінен қашқан бауырсақтар түрлі оқиғаларға тап болып, кішкентай көрермендерді күлкіге батырды. Театр ұжымы биылғы маусымды бірнеше жаңалықпен ашып отыр. Театр труппасы жаңа екі актермен толығып, гастрольдік сапарларға аттанбақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp