«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

Петропавл халықаралық әуежайынан Ресейдің Мәскеу қаласына қатынау үшін жаңа әуе рейсі ашылды.
Петропавл халықаралық әуежайының директоры Марат Қасеновтің айтуынша, Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтардың халықаралық бағыттарға ұшуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Ресейдің “ИрАэро” әуе компаниясымен келісімге келді.
– Өңір жұртшылығы Алматы, Астана және Шымкент қалаларына ғана ұшақпен қатынаса, енді әуе бағыттарының қатары толықты. Ресейлік компания Жуковский – Петропавл – Жуковский бағыты бойынша Азаматтық авиация комитетінің халықаралық әуе бағытына ұшу сертификатын алды. Он үш жылдан бері қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарында әуе тасымалын қамтамасыз етіп жүрген ірі тасымалдаушымен әріптестік қарым-қатынас орнатуымыз әуежайымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі әрі жолаушылар санын көбейтуге мүмкіндік береді, – дейді Марат Жұмажанұлы.
Ресейлік компания маусым айынан бастап, аталған бағытта аптасына бір рет – әр сәрсенбі күні “Sukhoi SuperJet-100” ұшақтарымен жолаушыларды тасымалдауды бастайды. Облыс орталығынан шыққан ұшақ 3 сағатта Мәскеудің “Жуковский” халықаралық әуежайына қонады. Рейстің бағасы – 47 мың теңге.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp