«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛ ШЕШУГЕ МІНДЕТТІ

Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мақсатында жер ресурстарын басқару саласындағы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізіліп, толықтырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің жер қатынастары саласындағы басты міндеті – жерді пайдалану мен қорғауға ұтымды және тиімді бақылау, жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды анықтау және жоюға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру. Әкімшілік рәсімдер аясында былтыр ведомоствоның бөлімдері жеке және заңды тұлғалардың 477 өтінішін қарап, төрттен бірі тиісті органдарға жолданды. Қандай да бір проблема туындаған жағдайда тиісті мемлекеттік мекемелер жедел шешуге міндетті. Және де жер қатынастары саласына қатысты кез келген мәселе бойынша жер ресурстарын басқару комитетіне дейін жүгінуге құқылы.

Департамент барлық өтініштерді кідіріссіз қарайды, тексеру жүргізу қажет болса, жауап беру мерзімі белгіленеді. Мысалы, аудан, ауыл әкімдігі аппараты, оған бағынысты жер қатынастары және сәулет бөлімдері қызметкерлерінің іс- әрекеттеріне көңіл толмаса, яғни жергілікті атқарушы органдар тарапынан құқық бұзушылық фактілері орын алса, жан-жақты, толық және әділ қарастырып, заңнама шеңберінде шешім қабылданады. Арыз-шағым қайтара түссе, қосымша тексеру жүргізу қажет емес. Тек басқа органға жіберілгені жайлы үш күн ішінде хабарланады.

Бұл жайтты тәптіштеп айтып отырған себебіміз, хат иелері көп жағдайда қайда шағымдануды білмей уақыттарын жоғалтып жатады, сөйтіп әуре-сарсаңға түседі. Сондықтан сенім телефонына (жер ресурстарын басқару департаментінің жерді пайдалану мен қорғау мемлекеттік бақылау бөліміне, 8-7152- 46-02-74) қоңырау шалса, тәжірибелі мамандар шаруаны тап-тұйнақтай етіп реттеп береді.

Абзал ОРАЗАМБЕТОВ,

облыстық жер ресурстарын басқару департаменті құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp