WBA белбеуінің “уақытша” чемпионы, жерлесіміз Жанат Жақиянов 10 ақпан күні АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін кездесу өткізеді. Бұл жолы ол 29 жастағы америкалық Раусхи Уорренмен жұдырықтасады. Жанаттың қарсыласы бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшы осымен 28-ші рет шаршы алаңға шыққалы отыр. Жерлесіміз бүгінге дейін 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген.
Айта кетейік, Жақиянов бір жыл бойы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмағанына қарамастан, WBA рейтингінде өз орнын сақтап қалды. Соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуелалық Йонфрез Парехоны ұтып, “уақытша” белбеуді жеңіп алған еді.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.