«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ — МІНДЕТ

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары  100-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Оның 80-і пара беру мен алу , бюджет қаржысын жымқыру мен алаяқтыққа байланысты.   

Жуырда ғана әкімдіктегі басқармалардың бірінің басшысының орынбасары   бюджет қаржысынан жарты млрд  теңге  қаржыны жымқырып, қолға түсті. Оған байланысты қылмыстық із қозғалып, кінәлі шығынды толықтай өтейтін болды. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында аталған бағыттағы жұмыстар күйшетілмек.
«Агенттік тарапынан парақорлыққа қарсы бірқатар кешенді шаралар қолға алынды, солардың бірі — «Адалдық алаңы». Осы бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылымызға  жалпы халықтың назарын аударуға тырысамыз. Жұмыс барысында билік өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер арқылы тұрғындармен кері байланыс орнатамыз», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин. 

http://petropavltv.kz/kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp