Жерлесіміз Руслан Заякин Татарстандағы жастар арасында муай-тайдан өткен әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Бұл жолы 20-дан астам мемлекеттің ең мықты деген спортшылары қатысып, бағын сынады. Қазақстанның намысын 13 жігіт қорғап, елге 11 медальмен оралды. Оның екеуі алтын болса, біреуі жерлесіміздің еншісінде.