Қаңтардың 17-і күні кешке Петропавл қаласының тұрғыны екінші полиция бөліміне ұлының хабарсыз кеткені туралы өтінішпен арызданған болатын. Әйелдің айтуы бойынша, оның 10 жастағы ұлы сағат 19-30 шамасында Украинская көшесі бойындағы дүкендердің біріне кетіп, үйіне оралмаған. Полиция қызметкерлері баланы іздеуге барлық жеке құрамды жұмылдырды. Кейін белгілі болғандай, кешке қарай дүкеннен шыққан бала әжесінің үйіне кіріп шықпақшы болыпты. Алайда, адасып мүлдем басқа бағытқа кетіп қалған. Қаланың ішінде бірнеше сағат бойы адасып жүрген ол әжесінің үйін тауып алып, сол үйдің кіреберісінде түнеп шыққан. Қазір мектеп оқушысы үйіне оралды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым