«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жуырда Петропавл-Есілкөл, Петропавл-Петухово электрпойыздарының қозғалысы жанданады

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов Оңтүстік Орал темір жолының басшысы Игорь Рязановпен кездесті. Қос тарап темір жол саласын дамыту және екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Петропавл-Есілкөл және Петропавл-Петухово электрпойыздарының қозғалысын жандандыруға келістік. Естеріңізге сала кетейін, 2 жыл бұрын пандемияға байланысты пойыздардың қозғалысы тоқтап қалған еді. Көліктің бұл түрі шекаралас облыстардың тұрғындары арасында сұранысқа ие,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кездесуде «Маслодел» серіктестігі салып жатқан майды экстракциялау зауыты аумағына өтетін қосымша темір жол желісін салу мәселесі талқыланды.

-Облыс үшін өте маңызды өндіріс ошағы. 15 млрд.тг инвестиция тартылуда. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жобаны тез арада бекітуге келістік,- деді Құмар Ақсақалов.

Фото: Құмар Ақсақаловтың инстаграм парақшасынан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp