«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 21, 2022

Биыл Петропавлды жағымсыз иістен арылту үшін биотоғанға 19 мың литр хлорелла балдыры құйылды

Көктем келісімен Петропавлда тағы да қолқаны қабатын жағымсыз иіс тарай бастады. Онымен күресу үшін былтыр биотоғанға хлорелла балдырлары салынған еді. Дегенмен, тек келесі жылы ғана нәтиже бере бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жуырда Петропавл-Есілкөл, Петропавл-Петухово электрпойыздарының қозғалысы жанданады

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов Оңтүстік Орал темір жолының басшысы Игорь Рязановпен кездесті. Қос тарап темір жол саласын дамыту және екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы бірінші орын алды

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Digital urpaq» оқушылар сарайы ұйымдастырған 24 сағаттық хакатонға қатысып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“ДӘСТҮРЛІ ӘН – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ”

Ерлан Рысқали – қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көшін сүйреп жүрген танымал әншілеріміздің бірі әрі бірегейі. Ол – дәстүрлі ән өнерінің насихаттаушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. Жуырда өңірімізге келіп, қызылжарлық тыңдарманның құлақ құрышын қандырған онымен әңгілесудің сәті түскен еді.

Мерейлі белес

Саналы ғұмырын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнап, өз қолтаңбасын қалдыра білген өңір мақтаныштарының бірі – практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Клара Мінайдарқызы Атығаева. Ол мектеп қабырғасында жүргенде ұстаз болуды армандап, алдына асыл мақсат етіп қойған екен. 14 жасында асқар тауы – әкесі дүниеден озғаннан кейін …

Мерейлі белес Read More »

Дәмесінің зоры

Солтүстік Қазақстан электр желіле­рін таратушы компаниясы Петропавл мен 8 ауданға қызмет көрсетеді. Акционерлік қоғам күніне 163 мыңнан астам адамды жарықпен қамтамасыз етеді. Былтыр кәсіпорынды техникалық жағынан жаңғыртуға 1 млрд. 283 млн. теңге қаражат бағытталыпты.

Асық – тәрбие құралы

Асық – қазақ халқының ұлттық қазыналарының бірі. Халқымыз­дың негізгі кәсібі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, күнделікті тыныс-тір­шілігіміз осы саламен біте қайнас­қан. Таң атқаннан кеш қарай­ғанға дейін мал күтіміне қолғанат болған ауылдың малсақ балалары асық ойынының небір түрле­рін жетік меңгергенін үлкендер өз­гелерге мысал етіп, айтып оты­ратын. Жеткіншекті ұстамдылық­қа, байсалдылыққа, шыдамды­лыққа тәрбиелеп, жақсы мінез қалыптастыратын бұл ойын …

Асық – тәрбие құралы Read More »

Әр кейіпкері – жеке әлем

Әр жанр бойынша жемісті еңбек етіп, қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан халық жазу­шысы Сафуан Шәймер­деновтің шы­ғармашылық тақырыбының сан қырлы екеніне магистратура­да оқып жүргенімде анық көз жеткіздім. Осы се­бепті магистрлік жұмы­сыма жерлесіміздің өзгеге ұқсамайтын стильдік ерекшелігін арқау еткенді жөн көрдім. Талант-дарынымен, қалам-қуатымен ерте та­нылып, ту­ған халқының рухани өсіп-өркендеуіне зор қызмет еткен қарымды қаламгердің шы­ғар­ма­­лары әлі …

Әр кейіпкері – жеке әлем Read More »

ТАРИХҚА ТЫҢ КӨЗҚАРАС

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өңірімізде өткен тарих пәні мұғалімдерінің тұңғыш съезінде делегат­тар “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мектеп бағдарламасында бұрын болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырып­тарды қайтару, “Қазақстан тарихы” және “Дүниежүзі тарихы” пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту мәселелеріне қатысты өз ойларын білдірген болатын.

Жас маман бәсекеге қабілетті ме?

Бұрындары мұғалімдердің жалақы­сы төмен, түрлі қоғамдық жұмыстарға күштеп тартылады деген пікірлерді жиі еститінбіз. Қазір ондай қаңқу сөз­дер сап тыйылған сияқты. Оған бірінші себеп – “Мұғалімнің мәртебесі тура­лы” Заңның қабылдануы. Дегенмен мұғалімдік мамандықтың беделі тө­мендеді, қадір-қасиеті қалмай бара­ды. Бала-шағаның нантабар кәсібіне ай­налып кетті деген әңгімелер де аз айтылмайды. Бұл сөздер негізсіз емес, бәрін кінәлаудан аулақпын, бі­рақ …

Жас маман бәсекеге қабілетті ме? Read More »

Қайтадан ономастикалық комиссияға ұсынылмақ

Газетіміздің биылғы 10 ақпан күнгі санында жарық көрген “Сәбит Мұқа­новтан неге қашты?” атты мақалада облыс орталығындағы Кошуков кө­шесі бойында орналасқан №32 мек­теп маңдайшасынан заңғар жазушы­мыздың есімі еш себепсіз алынып тасталғаны, әділет органынан қайта тіркеуден өткізудегі білім мекеме­ле­рінің сылбырлығы сыналған болатын.

Саптық байқау

Петропавл қаласында бірлескен саптық байқау және облыс ор­та­лығы аумағында қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамта­масыз етуге қатысатын полиция күштерінің гарнизондық жиыны өтті.

САЛЫНҒАН ҮЙ КӨП, ҚОНЫСТАНУШЫ АЗ

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында оңтүстіктен теріскейге қоныс аударған отбасылар мен шетелден оралған қандастардың мәселесі талқыланды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2017 жылдан бері “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдегі 225 елді мекенге 9120 адам (2700 отбасы) келген. Олардың – 3784-і еңбекке жарамды азаматтардың санатында, 220-сы зейнеткер, 276-сы студент, 4289-ы …

САЛЫНҒАН ҮЙ КӨП, ҚОНЫСТАНУШЫ АЗ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУЫ ҚАЖЕТ

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өңірде жұмыс сапармен болып, бірқатар кездесулер өткізді. Бизнес-омбудсменнің облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуінде кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді жедел түрде шешу жолдары қарастырылды. Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовпен және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Жарқын Ғалымовпен кездесу кезінде кәсіпкерлерден мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері бойынша түскен арыздар, өңірдің “Іс-керлік ахуал” …

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУЫ ҚАЖЕТ Read More »

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ

Облыстық әкімдікте Еуропалық одақ қаржыландыратын ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі жетекшісі Йоханнес Стенбек Мадсен, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, “Integrity Astana” ЖШС-ның директоры Жанат Нұрғалиев, “Соңғы үміт” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба серіктесі Руслан Асаубаев, мемлекеттік органдар, азаматтық …

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ Read More »

Үйлесімді әрекеттен ұтарымыз көп

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: “Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік”, – дей келіп, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтық қоғам мен құзырлы органдардың ашықтығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін дәйектеп берді. Бұл …

Үйлесімді әрекеттен ұтарымыз көп Read More »

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 2,6 мыңнан астам адам көшіп келмек

Біздің облысқа 5 жыл ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша еліміздің жұмыс күші басым өңірлерінен 9 мыңнан астам адам көшіп келді. Қоныс аударушылардың 94% — ы өңірде тұрақтап қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл мен Омбы арасында әуе қатынасы жандануы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы облысының губернаторы Александр Бурковты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның өңірлері мен Омбы арасындағы тікелей әуе қатынасын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.