«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дү­ниеге келгеніне 140 жыл толды. Туған күніне орай Қостанай облыстық халық шығармашы­лығы орталығы ұйымдастырған «Рухқа толы жалын жырлар» атты республикалық ақын­дар мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты.

Сөз сайысында бақ сынаған ақындар Алаш арысының өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, бай шығармашылық мұрасын жырға қосып, Міржақып Дулатұлының өлең­дерін жатқа оқыды.

Мүшайраға Ақылбек Шаяхмет, Қалқаман Сарин, Ба­тырлан Сағынтаев сынды есімі елге белгілі ақындар қазы­лық етті. Жыр сайысының қорытындысы бойынша «Күн-Жақып!» балладасының авторы, оралдық Бауыржан Шир­мединұлы бас жүлдені еншіледі. Қызылжар өңірінің намы­сын қорғаған жас ақын, «Soltüstık Qazaqstan» газеті руха­ният бөлімінің меңгерушісі Диас Аяған үшінші орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашы­лық табыстар тілейміз!

Анар ЗИЯДИНА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp