«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қостанайда 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден республикалық көпсайыс өтті. Оған барлық өңірден 16 құрама команда, 200-ден астам спортшы қатысты. Аталмыш додада олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің 8 тәрбиеленушісі облыс намысын қорғады.

Бәсекелі додада жерлестеріміз қоржындарын майлап қайтты. Атап айтқанда, Алексей Максюта (200 м., баттерфляй), Аязхан Сапар (100 және 200 м., шалқалай жүзу), Данил Пампур (50 және 100 м., брасс), Павел Норик (50 м., кроль) алтыннан алқа тағынды.  

Сондай-ақ, жерлестеріміз еркін әдіспен жүзуден 4х50, 4х25, 4х50 және 4х100 метрлік эстафеталарда топ жарды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp