«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың магистранттары педагогика ғылымдары бойынша Алматы қаласында өткен республикалық олимпиададан жүлдемен оралды.

“Жастар жылы” аясында еліміздің жоғары оқу орындарының магистранттары арасында ұйымдастырылған үшінші республикалық олимпиадада жерлестеріміз екі күн бойы түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, 18 топтың арасынан суырылып шыққан. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың педагогика факультеті деканының орынбасары Әсемгүл Жүнісова кіл мықтылар қатысқан сайыста жүзден жүйрік атану оңай болмағанын айтты.

Педагогика ғылымдары бағыты бойынша өздерінің білім-біліктіліктерін көрсеткен біздің магистранттар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әрине, еліміздің айтулы оқу орындарынан қатысқан үміткерлермен сынға түсу қиын болды. Алайда, біздің болашақ ғалымдарымыз сенімді ақтады, – деді топ жетекшісі Әсемгүл Жамұрқызы.

Шара соңында жерлестеріміз І дәрежелі дипломмен марапатталып, кубоққа ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp