«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Астана қаласында 9-шы халықаралық “Ақ көгершін” фестиваль-конкурсы өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан барған Бескөл ауылындағы “Мерей” өнер мектебінің оқушылары жүлдемен оралды.

Жеңістің 70 жылдығына арналған байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен өнерпаздар жиналды. Қатысушылар би, жеке ән айту, балалар сәні театры, ұлттық аспаптар, тағы басқа да аталымдар бойынша сайысқа түсті.

“Мерей” өнер мектебінен барған “Шашу” домбырашылар ансамблі “Халық аспаптары” аталымы бойынша қатысып, 2-ші орынға ие болды. Олардың орындауындағы халық күйі “Тепеңкөк” пен Б.Әбеновтің “Желдірмесі” тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Берік Жанатов жетекшілік ететін бұл ансамбль негізінен “Парасат” мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған. Жеке орындаушылардан Баян Азат, Аяулым Мұхаметжанова, Ғалия Зейнетжан 3-ші орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталса, олардың жетекшілері Татьяна Букирова мен Бибігүл Макимкеноваға алғыс хаттар табыс етілді.  

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp