«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕГІНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАП…

Бес солтүстікқазақстандық оқушы “Өзін-өзі тану” пәні бойынша өткен республикалық олимпиададан жүлдемен оралды. Алматыда өткен байқауда өңір намысын Петропавлдағы және аудандық мектептердің оқушылары қорғады. Жеңіспен оралғандардың бірі – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 7-сынып оқушысы Іңкәр Ермек. Ол бірінші орынға ие болды.

Осы күнге дейін түрлі сайыстарға қатысып жүрген Іңкәр бұл жолғы сынға да жан-жақты дайындалған. Республикалық олимпиадада Іңкәр ұсынылған бес тақырыптың бірін таңдап, “Жүрегіңнің түбіне терең бойла” тақырыбында эссе жазды. Осылай шығармашылық қабілетін таныта білген оқушы қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынға лайық деп танылды.

“Өзін-өзі тану” пән олимпиадасы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Шараға 7-9-шы сынып аралығында оқитын оқушылар қатысады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp