«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖҰЛДЫЗДАРДЫ” ЖАДЫРАТТЫ

“СевКазЭнерго” АҚ өкілдері жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың өздері қамқорлыққа алған “Жұлдыздар” отбасын антидәмханаға шақырып, тосын сый жасады. Отбасы мүшелері қонақта болған кездерінде уақыт өткізудің сәнді де мәнді сәтін бастан кешірді.

Қамқоршы энергетиктер “Жұлдыздар” отбасы мүшелеріне әр мереке сайын боулинг ойнау, картингте сырғанау, қызғылықты кинопремьера көру, спектакльдерде болу сияқты көңіл көншітерлік сәттерді ұйымдастырып келеді. Алайда, Петропавлдың антидәмханаларының біріне бару бәрінен де қызғылықты, басқаларға ұқсамайтын шара болып есте қалды.

Антидәмхана қызметкерлері жас қонақтарына үйдің жанға жайлы жағдайын сыйлады. Дәмхана ішінде оларға пицца, шырын, тәтті тағам, шай сияқты түрлі дәмдерді құрайтын ас мәзірі дайын тұрды. Олар бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесе алатындай үлкен үстелге жайғасты: қосымша тамақ қажет болса, ас бөлмеге баруына немесе орнынан тұрып, басқа көңілі қалаған іспен айналысуларына еркіндік берілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ерекше бағдарлама әзірленіпті. Оларды екі командаға бөліп, карусель арқылы қызғылықты ойындар ойнатты, бишілер байқауы мен әртүрлі сынақтар өткізді. Балалар танымал “Қолтырауын” ойынын жан-тәнімен беріле ойнап, буындарға орай сөз құрады, өз кезегінде арнайы кибердулыға киіп, виртуалды америкалық сырғанақтан сырғанауға мүмкіндік алды. Әйтеуір, бұл естен кетпес бір кеш болды.

Елена ПАЛЬЯНОВА,

 “СевКазЭнерго” АҚ-ның ұйымдық дамыту жөніндегі жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp