«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыстарын қорытындылады

Тайынша аудандық сотының төрағасы Мүбәрәк Рамазанов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

Белгілі болғандай, былтыр Тайынша аудандық соты 84 қылмыстық істі қараған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Десек те, азаматтық, әкімшілік істердің саны азайған көрінеді.

Сондай-ақ, медиаторлардың қатысуымен 31 әкімшілік, 22 қылмыстық, 43 азаматтық іс қаралған. Бұл даулардың 21-і сот медиациясы, яғни судьяның жәрдемдесуімен шешілсе, кәсіби емес медиаторлар үш істі қараған. 17 іс бойынша екі тарап ымыраға келсе, екеуі партисипативтік процедура бойынша шешімін тауыпты.

Сот жүйесін жетілдіру мақсатында енгізілген аудиобейне тіркеу арқылы 606 іс қаралып, электрондық үлгіде 483 іс келіп түскен.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp