«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.01.2017

Жұмыстарын қорытындылады

Тайынша аудандық сотының төрағасы Мүбәрәк Рамазанов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

Үнсіздікті сүймейтіндер мекені

Жапырақ сыбдыры, желдің ысқырығы, күннің күркіреуі, терезені ұрған тамшылар тырсылы. Құлағыңызға жағымды дыбыстар келді ме? Иә, қаланың шуынан, беймаза тірліктен шаршағанда аңсайтын осы сияқты “табиғат дауыстарын” сипаттайтын дыбыстар, яғни медитация техникалары заманауи психотерапияда кеңінен қолданылады. Психотерапевтер ешкіммен сөйлесуге құлқы болмай, бәрінен түңілген науқастарға осындай түрлі тәсілдер ұсынса, тағы бір сала мамандары дактильді әліпбиді, ишара тілін, …

Үнсіздікті сүймейтіндер мекені Read More »

САҒЫНЫШ (Әңгіме)

Әке, бүгiн сенiң жоқ екендiгiңдi алғаш рет дауыстап айттым, ол аз дегендей, қағазға да жаздым. Осы күнге дейiн сен әпермеген сыйлықтарды “әпердiң” деп, сен ертiп бармаған қалаларға “бардым” деп өзімді-өзім алдап жүруші едім. Бүгiн осы қиялдарымнан үзілді-кесілді бас тартқалы отырмын. Бүгінге дейін сенiң кiм екенiңдi бiлмейтінімді мойындамай келгеніме не дерсің?!

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН ҚАЛАҒАНДАР тегін оқиды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы басталатынын жариялаған болатын. Жобаға сәйкес мемлекет әрбір адамға мамандық беруді қолға алады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын енгізу бойынша 2017-2021 жылдарға арналған жол картасын әзірледі. Енді жаңа жоба аясында жұмысшы мамандығын даярлау екі есе …

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН ҚАЛАҒАНДАР тегін оқиды Read More »

ҚИЯЛДАН ТУҒАН ҚУЫРШАҚТАР

Қолмен жасалған қуыршақтарға жұртшылы­қтың қызығушылығы ерен. Қолөнер туындылары ешқашан бір-біріне ұқсамайды. Осындай қайталанбас қуыршақ жасаушылар біздің өңірде де бар. Бүгін газет оқырмандарын солардың бірі өзінің әуес ісін кіріс көзіне айналдырып, қиялынан шыққан қуыршақтарды саудаға шығарып жүрген зейнеткер Әлия Белденовамен таныстырғалы отырмыз.

ТЫНЫСЫ КЕҢ ТӨЛ ӨНЕР

Әр ұлттың өнері халықтық музыкадан бастау алады. Халқымыздың мақ­таныш етер асыл мұрасы, рухани жәді­гер­лері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қазынасы қашанда дәстүрлі өнердің қаймағы сана­ла­ды. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан осы өнерді облысымызда насихаттаушы, дәстүрлі әннің дамуына өзіндік үлесін қосып, оны өрнегін бұзбай, халыққа жеткізіп келе жатқан әнші Еркебұлан Қарыповпен …

ТЫНЫСЫ КЕҢ ТӨЛ ӨНЕР Read More »

Асығымыз алшысынан түссін

  Халқымыз аттың жалында, атанның қомында жүріп, ұзақ ғасырлар бойы ұлан-ғайыр жерге иелік етіп, ұлттығымызды айғақтайтын дүниелерді бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап келді. Сол мұралардың бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Алайда, ата-бабамыздан қалған бұл мирас аумалы-төкпелі замандардың бірінде ұмыт болып, тек соңғы жылдары ғана қайта жаңғырып келеді. Ал өңірімізде бұл төл ойындарымыздың қарқынды дамуына үлес …

Асығымыз алшысынан түссін Read More »

АЛҒАШҚЫ БЕЛЕС

Өңірімізде саламатты өмір салтын ұстанатын жастардың қатары жыл санап көбейе түсуде. Әсіресе, аудандарда ашылған түрлі спорт үйірмелерінің өскелең ұрпақтың шымыр болып өсуіне ықпалы зор.

БАХТИЯРДЫҢ ЕРЛІГІ

Өткен жылы Ақтөбеде болған қанды қырғын әлі күнге дейін ел есінде. Бұл сұмдық оқиға баянды өміріміздің берекесін қашырып, қазақ халқының басына ортақ қайғыны жамады. Содырлардың лаңкестік әрекеттері бірнеше қандасымыздың өмірін қиып, қоғамда үрей туғызды. Алайда, ержүрек сарбаздарымыз оларға тойтарыс берді. Қиын күнде қолына қару алғандардың қатарында жерлесіміз Бахтияр Қайырбеков те болды.

АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ

Кеше Петропавл қалалық сотында баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне байланысты алғашқы отырыс өтті. Айыпталушылар орындығында – 5 адам. Олар бір топ адамның қасақана денсаулыққа зиян келтіруінің салдарынан абайсызда Игорь Нанаевтың өліміне алып келген бұзақылықтары үшін жауапқа тартылып отыр. Іс бойынша жәбірленушілердің ішінде марқұмның таныстары А. Македонов пен А. Антропов та бар. Сотталушылардың жасы – 23-тен аспайды. …

АЛҒАШҚЫ СОТ ОТЫРЫСЫ Read More »

КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Жыл басынан бері облыстың Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғылықты жері бойынша 1528 адам тіркеуге тұрған. Оның 996-сы тұрақты, ал 532-сі уақытша тіркелген. Тұрғындарды жаппай қамту үшін Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында қосымша 4 орын құрылып, 12 сағаттық жұмыс кестесі енгізілген болатын.

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫРАҒЫ БОЛУ КЕРЕК

Петропавл қаласында бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен балалар арбасы мен шаналар ұрланған болатын. Қалалық полиция бөлімінің мамандары жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде облыстың екі тұрғыны ұсталды. Олардың іс-әрекеті көшеде орнатылған бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл іске байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (”Ұрлық”) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстың полиция қызметкерлері тұрғындарға өз мүліктеріне абай болуға шақырады.

ОЗЫҚ ОЙҒА — ӨРІС КЕҢ

Өңіріміз білімді де белсенді жастарға кенде емес. Олардың арасында Петропавл қаласында оқып жүріп, ағылшын тілін жетік меңгеріп, шетелде білім алып келгендері де бар. Солардың бірі – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Алимана Жанмұқанова.

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

Мамлют ауданында құс қауырсынынан жастық, көрпе жасайтын цех “ жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер Юлия Хайрутдинованың айтуынша, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде дүниеге келген тың жобаның құны 1 миллион 400 мың теңге.

АТА ЖОЛЫ АДАСТЫРМАЙДЫ

Ақселеу Сейдімбек – менің атам. Ол – Алаш жұртына аты мәлім, қазақтың біртуар азаматы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз.

Халықтың шағымы — басты назарда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қоғамдық ұйым жетекшілерінен, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен жасақталған топ тұрғындар мен кәсіпкерлердің шағымы негізінде жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қадағаламақ.

ӨЗГЕРІСТЕР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Елімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2012 жылы құрылған. Содан бері ювеналды сот – кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарап келеді.

ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ САН ТАРАУ

“Алма піс, аузыма түс” дейтін заман өтті. Жастың да, жасамыстың да кәсіпкер болуға мүмкіндігі зор. Мемлекет ол үшін барлық жағдайды жасауда. Тек алға қойған мақсат айқын, ерік-жігер мен ынта жеткілікті болуы қажет. Әр уақытта да маңдай термен тапқан табыстың татымды болатыны белгілі.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Біләлов пен Ольга Перепечина азаматтарды қабылдады.

Чемпиондықтан үмітті

  Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының кезекті ойынында “Құлагер” хоккейшілері Спорт сарайында “Алматы” командасын қабылдады. Ойынды қызылжарлық жанкүйерлермен бірге өңір басшысы Ерік Сұлтанов тамашалады.