«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмысымен танысты

Өңірімізде жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары “Молпродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында болды.

Өткен жылды табыспен аяқтаған “Молпродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ресейді негізгі нарық көзіне айналдырған. Сүттен 40 түрлі өнім шығаратын серіктестік болашақта көрші елдің ғана емес, Қытай нарығына шығуды да көздеп отыр. “Молпродукт” ЖШС-нің бүгінгі тынысына көңілі толған халық қалаулылары оң пікірлерін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бүгінгі таңда қуатының 80 пайызын ғана пайдалана отырып, тәулігіне 350 тонна өнім өндіретін серіктестіктің әлеуеті зор екені түсінікті.

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы да мәжілісмендердің назарынан тыс қалмады. Әуелі кәсіпорынның тарихынан сыр шертер мұражайды тамашалаған депутаттар цехтарды аралап, шетелден әкелініп орнатылған көпсалалы қондырғыларды көріп, әлеуетін бағамдады. Десек те, әлемдік нарықтағы қара алтын бағасының тұрақсыздығы еліміздегі мұнай-газ өндіру және өңдеу, энергетикалық, басқа да өнеркәсіп салаларына арналған жабдықтарды өндіретін ең ірі машина жасау зауытына жасалар тапсырыстың да көлемін азайтқан сыңайлы. Зауыт ұжымы ауқымды және ұзақмерзімді тапсырыстарға зәру. Осының барлығын түсінген халық қалаулылары қолдарынан келер көмегін аямайтындықтарын айтты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp