«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.01.2017

КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!

“Жас Отан” жастар қанатының қалалық бөлімі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада буккроссинг акциясын өткізді.

ЖҮЗДЕН — ЖҮЙРІК, МЫҢНАН — ТҰЛПАР

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен облыстық олимпиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. 15 пән бойынша білім додасына түскен 568 оқушының 225-і жүлделі орындарға ие болды. Оның 104-і – үшінші, 80-і – екінші және 41-і бірінші орындарды иеленді.

ЖЕҢІЛДІК КІМГЕ ТИЕСІЛІ

Ертеректе нотариустар мемлекеттік болған кезде кейбір қызмет түрлері бойынша жеңілдіктер жасалатын. Қазір көбінесе жекеменшік нотариустар жұмыс істейді. Нотариустарда халықтың әлжуаз тобы үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған? Зағипа ҚОСМАНОВА, Петропавл қаласының тұрғыны.

БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕКТЕБІ

Жастар саясатын табысты жүргізу – егемен еліміздің басты басымдықтарының қатарында. Жастарға лайықты көңіл бөлінгенде ғана мемлекет зор табысқа жете алады. Өйткені, бәріміз білетіндей, болашақ – жастардың қолында.

ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖАНАТ

Көрермен көп күткен жекпе-жек басталар сәт. Шаршы алаңды айнала жайғасқан көрермен Бенджамин Питтелудқа қошемет көрсетіп жатыр. Ол да өзінің жеңетініне сенімді сияқты, маң-маң басып, рингке қарай беттеді. Жанкүйерлердің арасында кезінде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған, бүгінде танымал промоутер Рикки Хаттон да бар. Ол да жекпе-жектің ұзаққа созылмай, тез біткенін тағатсыздана күтуде. Себебі, сонау жақтан Францияның …

ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖАНАТ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСТЕН ҮМІТТІ

Енді санаулы күндерден кейін Алматы қаласында өтетін XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында сынға түсетін солтүстікқазақстандық спортшылар жүлдеден үмітті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин хабарлап, жергілікті тілшілердің көкейінде жүрген көптеген сауалдарына жауап берді.

АДАМ ДА АҒАШ ТӘРІЗДІ

Марқұм Қобылан Хамзин Түменнің топырағында туыпты. Оның ата-анасы да жүрек жалғайтын талғажауын Түменнен тапқан тәрізді. Ең өкініштісі – сол Қобылан туа сала әкесі бақилық болады. Әкесі тақуа адам екен. 1970 жылы жайнамаздың үстінде қайтыс болған шешесі де Алланың ақ жолынан ауытқымаған.

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Облысымызда кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау бағытында атқарылып жатқан игі істер аз емес. Бұл орайда, әсіресе, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының тиімділігі айқын аңғарылуда. Петропавлдағы “Белуга Голд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осы бағдарламаның арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

ӘДЕПТІ ҚЫЗМЕТКЕР ЕЛГЕ СҮЙКІМДІ

Елімізде “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылдан бастап әдеп жөніндегі уәкіл қызметі енгізілген болатын. Солтүстік Қазақстан облысында бұл функция өңір басшысы аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі Юрий Альбертович Наумочкинге жүктелген болатын.

БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Облыс орталығынан 250 шақырым қашықтықта жатқан Киров ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Тайынша ауданында алдыңғы қатарда. 1185 тұрғыны бар ауылдық округке Киров, Агроном, Восточное, Ильич, Мирное, Трудовое ауылдары қарайды. Жақында осы ауылдық округ әкімі Талғат Жомартовпен алты ауылдың бүгінгі жағдайы жөнінде әңгімелестік.

ЖАҢА ТАЛАП — ҚАУІПСІЗДІК АМАЛЫ

Жылдың басында қабылданған “Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы қолданысқа енген алғашқы күннен-ақ қоғам талқылауына түсті. Осы орайда еліміз бойынша құзырлы органдар жаңа заңның көп талқыланған талаптарын жан-жақты түсіндіру жұмыстарын белсене жүргізуде.

Жарнама беру қалай реттеледі?

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сергей Звольский, Мұрат Теміржанов пен Петр Шарапаев бұрнағы күні “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ғимаратында “дөңгелек үстел” өткізді. Бұл шараға бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама агенттіктерінің өкілдері қатысты. Жиналғандар Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне жарнама мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын талқылады.

Жұмысымен танысты

Өңірімізде жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары “Молпродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында болды.

ЗАҢДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛУІ ТИІС

  Заң халық үшін жасалады. Сондықтан Парламентке түскен әрбір заң алдымен қазақстандықтардың талқысынан өтіп, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары ескеріліп барып қана қабылдануы керек. Жер туралы заңға енгізілген өзгерістердің, бүгінде қызу талқыланып жатқан уақытша тіркеу туралы талаптардың мәні мен маңызы қарапайым халыққа дұрыс түсіндірілмегендіктен, тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық орын алды. Бұл жайында облыс …

ЗАҢДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛУІ ТИІС Read More »

ЛАҢКЕСТІКПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК

Қазіргі таңда әлемде болып жатқан геосаяси жағдайлар мен халықаралық лаңкестік қазақстандықтардың назарын еріксіз өзіне аударып отыр. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл шараларын тұрғындар да қызу қолдауда. Біз Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің лаңкестікке қарсы орталық бөлімінің бастығы, ұлттық қауіпсіздік полковнигі Леонид Женжерден діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы атқарылып …

ЛАҢКЕСТІКПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК Read More »