39 жастағы А. есімді қала тұрғыны 103 нөмірін теріп, өзін әлде-біреулер ұрып, жертөледе күштеп ұстап отырғанын хабарлаған. Ақ халаттылар болса бұл оқиғаны бірден полицияға жеткізген.
Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан ер адам сол күні мас күйінде қолға түсіп, бұл қылығын жөнді түсіндіре алмаған.
Дәрігерлерге жалған қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын бекерге дүрліктірген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы бойынша хаттама толтырылып, оған 60 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Байболат ҚҰЛТАНОВ,
журналист.