«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.01.2016

ҚАЙ СОТҚАРДЫҢ ІСІ БҰЛ?..

  Мынадай көрініс көңіліңе теріс әсер етпей қоя ма? Осындайда ғой, халық игілігі үшін жасалынып жатқан жақсылықты жақтауға, сол жақсылықтарды сақтауға келгенде неге біз бәріміз бірдей емеспіз деген ой келетіні. Өткен жылы жаздың аяғынан бастап, қар түскенге дейін қаланың көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан аялдамалар орнату жұмысы қоса атқарылды. Сөйтіп, барлығы 93 аялдама орнатылды. Жаңаның …

ҚАЙ СОТҚАРДЫҢ ІСІ БҰЛ?.. Read More »

СЕСКЕНБЕГЕН КҮЗЕТШІ

Саумалкөл ауылындағы “Шон” дәмханасында күзетші болып істейтін Александр Отт түн жамылып келіп қоғамдық тамақтандыру орнын тонамақ болған ұрыларды құрықтады. Кезекшілікте жүрген Александр дәмхана ғимаратына екі қарақшының түскенін байқап қалады. Ол бірден аудандық ішкі істер бөліміне қоңырау шалып, ғимаратқа ұрылар түскенін хабарлайды да, өзі көп ойланбастан, дәмхана қоймасынан музыкалық аппарат пен дыбыс зорайтқышты алып шыққан “түнгі …

СЕСКЕНБЕГЕН КҮЗЕТШІ Read More »

ЖӨНСІЗ ӘЗІЛГЕ ЖОЛ ЖОҚ

39 жастағы А. есімді қала тұрғыны 103 нөмірін теріп, өзін әлде-біреулер ұрып, жертөледе күштеп ұстап отырғанын хабарлаған. Ақ халаттылар болса бұл оқиғаны бірден полицияға жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан ер адам сол күні мас күйінде қолға түсіп, бұл қылығын жөнді түсіндіре алмаған. Дәрігерлерге жалған қоңырау шалып, тәртіп сақшыларын бекерге дүрліктірген азаматқа қатысты …

ЖӨНСІЗ ӘЗІЛГЕ ЖОЛ ЖОҚ Read More »

“ҚҰЛАГЕР” – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Биыл ғана Қазақстан чемпионатына қосылған петропавлдың “Құлагер” командасы үздік үштіктен орын алып отыр. Ел чемпионаты әлі тамамдала қоймаса да, жерлестеріміздің бүгінгі қарқыны қуантады. Қазір команданың қоржынында 71 ұпай бар. Мұның алтауы 13 және 14 қаңтар күндеріндегі ойындардың нәтижесінде қосылды. 13 қаңтар күні “Құлагер” өз айдынында елорданың “Астана” хоккейшілерімен алаңға шығып, қарсыластарын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. …

“ҚҰЛАГЕР” – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ Read More »

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер рейд барысында петропавлдық тұрғынның үйінен 39 грамнан астам героин тапты. Сарапшылардың айтуынша, “Черемушки” шағынауданында тұратын 46 жастағы азаматтың үйін тінту кезінде табылған 8 түйіншекке түйілген 39 грамдық ұнтақ героин болып шықты.

МӘУЛІТ – ПАЙҒАМБАРДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МЕЙРАМ

Өңірімізде екі дүниенің сардары, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні – Мәуліт мерекесін тойлау дәстүрлі игі шараға айналып отыр. Осы мереке қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлын әңгімеге тартқан едік.

ЕЛ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК

Елбасының “Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары Қазақстанды жаңа тарихи жағдайда бәсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосылуға және еліміздің әл-ауқатын нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызады. Осындай сын кезеңі мемлекетке, тіпті, әр азаматқа ерекше жауапкершілік жүктейді. Біз ілгері дамыған мемлекеттердің көрсеткіштері мен өмір сапасына қарап бой түзеуіміз қажет.

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов шағын және орта бизнес саласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылған алқалы жиынға қатысып, алда тұрған міндеттерді белгіледі. Елбасымыз халыққа арнаған биылғы Жолдауында да шағын және орта бизнес саласына ерекше басымдық беріп, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жаңа міндеттер жүктеді. Экономикалық қиын жағдайларға қарамастан, мемлекетімізде саланы дамытуда арнайы жобалар қолға алынуда. Бүгінде …

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ Read More »

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС БАСТАМА

Осыдан бірнеше күн бұрын Парламент Мәжілісіндегі фракциялар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде Үндеу жолдады. Халық қалаулыларының бұл бастамасына қоғам жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. “Қазақстанның Ардагерлер Кеңесі” республикалық қоғамдық кеңесі Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы бастаманы қолдайды.

ӘЛЕУМЕТПЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің “Орталық мемлекеттік органдардың басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес жыл сайын барлық деңгейлердегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері өткізіліп келеді.