Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының базасында полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін республикалық оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі басталды. Алқалы жиынды ашқан Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы, полиция генерал-майоры Оңал Бекиев қатысушыларға және ұйымдастырушыларға нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі.
Сол күні Оңал Бекиев облыстық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті. Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы полицейлерге қызметті ұйымдастыруға, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға қатысты негізгі талаптарды жеткізді, сондай-ақ 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әзірленіп жатқан тұжырымдамасының мәні туралы хабардар етті.
Бір апта ішінде Ұлттық ұлан академиясында өтетін оқу-әдістемелік жиындар аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызметкерлері тренингтерге, семинарларға қатысады, дәрістер тыңдайды, саптық дайындықтан өтеді. Бұған дейін осындай курстар 16-21 қаңтар аралығында өтіп, олардың қорытындысы бойынша жүзден астам полиция қызметкері сертификат алған болатын.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.