«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 2, 2023

Шағынауданда шешімін күткен мәселе көп

Қаланың іргесіндегі “Солнеч­ный-2” шағынауданының тұрғында­ры­нан редакцияға хат жиі келеді. Га­зетіміздің өткен сандарының бірінде “Редакцияның хат қоржынынан” ай­да­­рымен Алма Махметова есімді зей­­неткердің шағымы жарияланған еді. Онда жаңа үйлер бой түзегенімен, азық-түлік дүкені, мектеп, ба­ла­­бақша сынды маңызды нысан­дар­дың әлі салына қоймағанын, өз баспанасынан шағындау дүкен ашу­ды көздеген тұрғындарға жауапты ме­кемелер келісім бермегенін ашы­на жазған болатын. Амалсыздан тұр­ғындар …

Шағынауданда шешімін күткен мәселе көп Read More »

АЙҒАНЫМНЫҢ АСУЛАРЫ

Өзіндік ерекшелігі мол мамандық тізгінін ұстап, үлкен жауапкершілік жүгін арқалайтын тергеушіден, бірінші кезекте, сауаттылық пен біліктілік, төзімділік пен қайсарлық қасиеттер талап етіледі. Өйткені кәнігі қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы кінәсін дәлелдеу ақиқаттың ақ жолынан ауытқымауды өмірлік мақсат еткен жандардың ғана қолынан келері анық. Осындай міндетті мойнына алған тергеушінің әр күні шытырман оқиғаларға толы …

АЙҒАНЫМНЫҢ АСУЛАРЫ Read More »

Заңдылықты сақтау – бұлжымас талап

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының базасында по­лиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөнін­дегі орынбасарлары үшін республи­калық оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі басталды. Алқалы жиынды ашқан Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы, полиция ге­нерал-майоры Оңал Бекиев қатысу­шыларға және ұйымдастырушылар­ға нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі. Сол күні Оңал Бекиев облыстық полиция департаментінің басшылы­ғымен және жеке құрамымен кез­десті. Ішкі …

Заңдылықты сақтау – бұлжымас талап Read More »

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕПКЕ” АРНАЛҒАН ЖИҺАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында 2023-2025 жылдар аралығында “Жай­лы мектеп” жобасы аясында төрт білім ордасы салынады. Ал оларға қа­жетті жиһазды жергілікті өндіріс ошақтары шығаруға құлшыныс та­нытып отыр. Биыл ел көлемінде “Жайлы мек­теп” бағдарламасы іске қосылды. Тың жоба аясында алдағы үш жыл­дың ішінде республика бойынша 401 мектеп салу жоспарланып отыр. Бүгіндері жобаны жүзеге асыратын бірыңғай үйлестіруші де анықталды. …

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕПКЕ” АРНАЛҒАН ЖИҺАЗ Read More »

Лайықты бәсеке керек

Кәсіпкерлер палатасы жанынан машина жасаушылар комитеті құры­лып, бірінші отырысында өнеркәсіп саласына қатысты проблемалар тал­қыланды. Ұйым төрайымы, “Қазтех­маш” зауытының директоры Елена Дорош комитетке “Көпбейінді жаб­дықтар”, “Киров” атындағы, “Петро­павл ауыр машина жасау”, “Изолит”, “Мұнаймаш”, “ЗИКСТО”, “Авагро”, “Cool Infinity” және тағы басқа кәсіп­орындар біріккенін, бизнес-қоғамдастықтың мақсаты мәселелерді бірле­сіп шешу, мемлекеттік билік органда­рымен тиімді өзара іс-қимылды жан­дандыру болып табылатынын …

Лайықты бәсеке керек Read More »