«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ ЗАР ИЛЕТЕДІ

Қараша айының басынан “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Оның барысында облыс полицейлері табиғатты қорғау заңнамасының 192 рет бұзылғанын анықтады. Анықталған бұзушылықтардың дені – заңсыз аңшылық. Сондай-ақ, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескендер де бар. 24 солтүстікқазақстандық – балық аулағаны және балық аулау ережелерін, 15 адам азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

“Браконьер” жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың 10 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp