Аққайың ауданының Смирново ауылында ауыр атлетикадан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Сайыста жеті ауданнан келген 80 зілтемірші сынға түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша, 335 ұпайға қол жеткізген аққайыңдықтар жеңіске жетті. Ал Тимирязев, Жамбыл аудандарының өкілдері екінші, үшінші орындарды иеленді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.