«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.11.2016

ЕЛ ҚҰРАМАСЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Солтүстікқазақстандық спортшылар Шымкент қаласында көркем гимнастикадан өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды. Юлия Ширина күміс және қола медальға ие болса, Вероника Кравченко мен Дарья Коваленко жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Жеңімпаз гимнастшылар ел құрамасының сапына қабылданды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Петропавлдағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті.

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР САЙЫСЫ

Аққайың ауданының Смирново ауылында ауыр атлетикадан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Сайыста жеті ауданнан келген 80 зілтемірші сынға түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша, 335 ұпайға қол жеткізген аққайыңдықтар жеңіске жетті. Ал Тимирязев, Жамбыл аудандарының өкілдері екінші, үшінші орындарды иеленді. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ТҮНДЕ ЖҮРМЕ, БАЛАҚАЙ!

Петропавл қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қараша айы басталғалы “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс орталығының аумағында кеш сайын рейдтер өткізуде. Соңғы үш күн ішінде 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде 71 факті – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнде жүруі, 38-і – ата-аналардың балаларын тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамауы, 11 фактісі алкогольді өнімдерді сату …

ТҮНДЕ ЖҮРМЕ, БАЛАҚАЙ! Read More »

Қырсық қоян туралы ертегі

Облыстық қуыршақ театрының әртістері кішкентай көрермендер үшін “Бука” спектаклін сахналады. Қойылымдағы басты кейіпкер – ешкімді тыңдамайтын, қыңыр, қырсық мінезді Бука есімді қоян. Ол дос болуға шақырған жануарлардың барлығын ренжітіп, үнемі еш нәрсеге көңілі толмай, жоқ жерден жанжал шығарып жүреді. Осылай өзімен-өзі жалғыз жүргенде Бука қиыншылыққа тап болып, оған қол ұшын беретін бірде-бір дос табылмай қалады. …

Қырсық қоян туралы ертегі Read More »

ТЫҢДАУШЫЛАРҒА ДӘРІС

Әлеуметтік зерттеулер білім беру жүйесі еліміздегі жемқорлық кең тараған салалардың бірі екенін айғақтайды. Біздің департамент мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен оның қатерлерін анықтау жөнінде талдаулар жүргізіп, оларды тудырушы себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуде.

ӘЛІМЖЕТТІК КӨРСЕТУ — ҚЫЛМЫС

Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, бесіктегі бөпесін әлдиімен аялап, үйінің берекесін келтіріп отырған аналарға қол көтеру – қылмыс. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамда әйелге қол жұмсау, балаға қысым көрсету, ата-ананы таяқтың астына алу сияқты жантүршігерлік фактілер сирек кездеспейді.

ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық көп жағдайда жұмыс беруші мен жұмысшының барлық құқықтары және міндеттерінің сақталуына байланысты. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының міндеті азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын, олардың еңбек және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын бақылау болып табылады. Қазақстан Республикасының әр азаматына еңбек бостандығы берілген, ол қауіпсіз және тазалық сақталған орында белгіленген еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге құқылы. Еңбек кодексі …

ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ Read More »

ЖАҢА БАСҚАРМАЛАР

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыс істеу мақсатында ішкі қауіпсіздік және адам ресурстары басқармаларын құрды.

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК

Бұл оқиға 1924 жылы болған екен. Тарихи маңыздылығы бар ғибратты әңгімені Сәкен Сейфулиннің зайыбы болған Көкеш апамыздың немере інісі Медғат атамыздың аузынан естідім. “Ұлы бабам Иса баласы Мұса (Көкештің әкесі) небәрі 32 жыл ғана ғұмыр кешіпті. Ол кісінің өмірінің қысқа болуы туралы Әктайім (Мән) атаның айтуынан білемін”, – деді болған жағдайды баяндап берген Медғат атамыз. …

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК Read More »

Қос өрім

1. “Батыр Баянға” жол 1975-1976 жылдары, үшінші курста оқып жүрген кезімде, бір күні ұстазымыз Рымғали Нұрғалиев аға лекция үстінде, КазГУ-дің аудиториясында Мағжан Жұмабаев туралы әңгіме айтты. – Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны! – деді. – Ол репрессияда құрбан болған, атылып кеткен! Бірақ, енді бір он бес жылда ақталады! – деді сеніммен. Бір-екі жылға ғана …

Қос өрім Read More »

ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ!

Адам өмірінің арашасы болар ақхалатты жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Оның ішінде науқастарды ажал аузынан алып қалатын хирургтердің күнделікті еңбегі ерлікке тең. Күніне бірнеше ота жасап, науқастарға шипа сыйлап жүрген осындай дәрігердің бірі – Есіл аудандық орталық ауруханасының хирургі Айнұр Сақашова.

ЖАНҒА — ШИПА, ДЕРТКЕ — ДАУА

Шөппен емделу – әртүрлі аурулармен күресте таптырмайтын ем. Әрбір шөп адам ағзасына оң әсерін береді. Алайда, олардың тиімділігі жүйелі тұтынуда. Егер сіз шөп тұнбаларын ішіп жүрсеңіз, онда оны ең кемі апта сайын үзбей ішу керек. Бұл тек табиғатта кездесетін шөппен ғана ем-дом жасайтын Нина Гусельникованың пікірі.

КАРТОПТЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ КӨП

– Адам баласы үш-төрт мезгіл тамақтанады. Сол ас мәзірінің ішінде міндетті түрде картоп жүретіні анық. Ал осы картоптың емдік қасиеті өте ерекше екен.

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ…

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, адам денсаулығының 80-90 пайызы өз қолында екен. Осы бір статистикалық мәліметтің парқын әлі де жете түсінбей жүрген тәріздіміз. Қазір, шүкіршілік, медицина саласында оң өзгерістер көп. Озық технологиялар арқасында жергілікті жерлерде жүрекке ота жасайтын дәрежеге жетуіміздің өзі Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішіндегі мақтан тұтарлық жетістігіміз екені даусыз. Алайда, “бірақ”… деген сөз …

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ… Read More »

ДАЯРЛЫҚТАРЫН АРТТЫРАДЫ

Оқуға түсер алдындағы емтихандарға даярлық – талапкерлер өмірінің ең басты және күрделі кезеңі. Соңғы жылдары үміткерлер біліміне талаптар күшейтілді. Өз білімі мен күшіңе ғана сеніп, жоғары оқу орнына түсу бүгінгі күні қиындық тудырары сөзсіз. Көптеген жоғары оқу орындары талапкерлермен сабақ өткізудің даярлық факультеттері, бөлімшелері, курстары сияқты өзіндік жүйесін құрған.

МАЙДАНГЕР ҚАЛАМГЕР

Облысымыздың ардақты азаматтарының бірі, қаламы ұшқыр журналист, білікті редактор, соғыс ардагері, марқұм Уәра Нұрсейітовті өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңында “Городецкий” кеңшарындағы орта мектептің директоры болған кезімнен білемін. Оның үлкенмен де, кішімен де теңдесіндей сөйлесіп кететін қарапайым да кішіпейілділігі, жайдары, ақжарқын мінезі кімді болсын өзіне баурап алатын. Уәра Нұрсейітұлының проблемалық мақалалары мен еңбек адамдарының ерен еңбегі, …

МАЙДАНГЕР ҚАЛАМГЕР Read More »

Білімді шәкірт – ұстаз мақтанышы

Қазақта “Ел боламын десең, бесігіңді түзе!” деген тәмсіл бар. Яғни, бала тәрбиесі, олардың ертеңгі күні жақсы азамат болып ержетуіне қолайлы жағдай жасау – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның мойнындағы міндет. Сондықтан егемендік алып, еңсеміз түзелген ширек ғасырдың ішінде елімізді айтпағанның өзінде, облысымызда шәкірттердің алаңсыз білім мен тәрбие алуы үшін заманауи үлгіде салынған жаңа мектептер ашылды. …

Білімді шәкірт – ұстаз мақтанышы Read More »

АДАМ ҰРПАҒЫМЕН КӨРІКТІ

Мамлют ауданындағы Бексейіт ауылы – Қызылжар өңірінде өркен жайып келе жатқан елді мекендердің бірі. Оған егіншілікпен бірге мал шаруашылығын да қатар дамытып, жергілікті тұрғындарды, әсіресе, жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, әлеуметтік салалардың дамуына барынша көңіл бөлетін “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің қосып жатқан үлесі ерекше. Екі қолға жұмыс табылып, еңбек ететіндері ай сайын еңбекақысын алып …

АДАМ ҰРПАҒЫМЕН КӨРІКТІ Read More »