“Мен және менің полицейім” акциясы аясында тәртіп сақшылары тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйінің тәрбиеленушілерін атқа мінгізіп, серуендету шарасын жыл сайын ұйымдастырады. Биыл да Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы денсаулығы дімкәс балалар үшін иппотерапия курсын бастады. Шара көктем айларына дейін жалғасатын болады.
Саяжай маусымы аяқталғаннан бері сәйгүліктерді тамашалауға тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған Петропавлдағы интернат-үйінің тәрбиеленушілері аптасына үш рет келе алады. “Иппотерапия – дәстүрлі медицинаның бір түрі. Жануардың биоөрісі оның үстінде отырған сырқат адамның ағзасына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің балалар үшін ат үстінде серуендеудің денсаулықтарына көмегі зор”, – дейді аға тәрбиеші Светлана Попова. Бүгінгі күні аталмыш интернатта барлығы 20 бала тәрбиеленуде.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы.