«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНСТИТУТТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан 25 жұлдызды күн акциясы аясында “Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы” форумы Бескөл ауылындағы Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өтті.

Оған аудандағы жастар және балалар бастамалары орталығының мүшелері мен басқа да жас мамандар, жоғары сынып оқушылары қатысты.

“СҚМ және ӨШҒЗИ” ЖШС-і бас директорының орынбасары Бекет Иманқұлов “Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы” форумына қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, тәуелсіз елдің тірегі болатын жастардың білім мен ғылымға талаптануының маңызды екенін айтып, оларға үлкен сенім артатынын жеткізді. Институт ғалымдарының атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен бірге, институт жанынан аудандық білім беру бөлімімен бірлесе отырып “Кіші аграрлық академия” ашылды. Бүгінде оған қатысушы оқушылардың қатары көбейіп келеді. Мұнда ғылым жолын таңдап, ізденуге ниет еткен жастарға барлық мүмкіндік жасалады, ақпараттармен қамтамасыз етіледі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp