«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инфекциялық стационарлардағы сырқат саны соңғы он күнде 10 пайызға артты

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 143 жағдайы тіркелді. Қаңтар айынан бастап инфекциялық стационарларға бір тәулікте жатқызылатын сырқаттар саны 10 %-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 қаңтар күні облыста 1100 адам ПТР-тест тапсырса, соның 143-інде нәтиже оң болды. Қазір инфекциялық стационарлардағы 1300 орынның 238-інде сырқаттар жатыр, тағы 21-і жансақтау бөліміне орналастырылған. 11-інің халі ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сондай-ақ 900-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауына алынып, амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жалпы пандемия басталғалы 35 660 адам коронавирус жұқтырды, 33 246-сы тәуір болғандардың қатарына қосылды. Ал қайтыс болғандар саны 457-ге жетті.

«Қараша айының ортасынан бастап, желтоқсан айының соңына дейін өңірде эпидахуал тұрақтанып, КВИ жұқтырушылар саны азайды. Нәтижесінде инфекциялық стационарлардағы орын санын қысқарттық. Облыс бойынша емдеу мекемелерінде 160 сырқат қалып, стационарлар 12 %-ға ғана жүктелді. Ал 10 қаңтардан бастап аурушаңдық күрт артты. КВИ жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Өткен аптада инфекциялық стационарларда жатқандар саны 160 адамнан 221-ге дейін көбейді. Бұған дейін стационарларға тәулігіне 25 сырқатқа дейін жатқызсақ, қазір 28 адамға дейін қабылдаймыз», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.

Бұған дейін амбулаторлық сырқаттардың көбеюіне байланысты мобильді бригалардың саны 54-тен 88-ге дейін арттырылғанын айтқан едік. Қазір бір бригада күніне 12 шақыртуға дейін барады.

Сондай-ақ мамандар коронавирустың жаңа толқынына әзірлік жайында баяндап берді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp